Қоғам • 22 Маусым, 2021

Электронды саудадан зардап шеккендер көбейіп барады

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов электронды коммерцияда құқық қорғауды жетілдіру туралы айтты, деп хабарлады Egemen.kz.

Электронды саудадан зардап шеккендер көбейіп барады

«Пандемия электронды коммерцияда құқықтарды қорғауды жетілдіру қажетілігін көрсетті. Тек 2020 жылы министрлікке интернет-дүкендер мен онлайн қызметке байланысты 689 адам жүгінді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 13,2 млн теңге қайтарылды», деді Б.Сұлтанов онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде.

Оның айтуынша, 2021 жылдың бес айында 556 адам жүгінген, оларға 7 млн теңге қайтарылды.

«Осыған байланысты тұжырымдама жобасында бөлек бөлім қарастырылған. Онда электронды сауда тұтынушыларының құқықтарын қорғауды күшейту тетіктері ескерілген. Осы орайда электронды сауда қатысушыларының құқықтары мен міндеттері нақты айқындалады», деді министр.

Осы орайда ол аталған тұжырымда жобасын талқылауға қатысуға шақырды, құжат министрлік сайтында орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Туризм табысы еселенді

Туризм • Бүгін, 09:55

Жаңа бастама жемқорлықтың алдын ала ма?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40

Адам құқы бала құқынан басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:35