Аймақтар • 22 Маусым, 2021

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында болған жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

21 маусым күні сағат 17:21-де Қарабұтақ-Қостанай автожолының 171 шақырымында Lifan автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, РФ азаматының басқаруындағы MAN жүк автокөлігімен соқтығысуға жол берген. ЖКО нәтижесінде Lifan автокөлігінің жүргізушісі, 1980 және 1959 жылдары туған екі жолаушысы ЖКО орнында көз жұмды, сонымен қатар 1969 жылы туған әйел мен 1973 жылы туған ер адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.

– Өкінішке қарай, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жол абайсыздықты кешірмейтіндігін ұмытып кетеді. Апатқа әкелетін басты себептердің бірі – жол қозғалысына қатысты ережелерді саналы түрде елемеуі, – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.