Қазақстан • 22 Маусым, 2021

Әсет Мағауов оңтүстіктегі мұнай өніміне қатысты пікір білдірді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов оңтүстіктегі мұнай өніміне қатысты жағдайға байланысты пікір білдірді, деп  жазады Egemen.kz.

Әсет Мағауов оңтүстіктегі мұнай өніміне қатысты пікір білдірді

«13 маусымнан бастап Шымкент мұнай өңдеу затында бензин өндірісі технологиялық режимге шықты, соңғы 5 күнде орташа тәуліктік өндіру 6,5 мың тоннаны құрады. Дизель отынының өндірісі қалпына келтірілді, соңғы 4 күнде орташа тәуліктік өндіру 6 мың тоннаны құрады. Өндірістің бұл көлемі оңтүстік өңірдің қажеттіліктерін жауып тұр»,  деді Ә. Мағауов ОКҚ өткен брифинг кезінде.

Оның сөзінше, оңтүстік аймақтарда бір күнде Аи-92 бензині 5,31 мың тонна, ал дизель отыны 5,6 мың тонна тұтынылады.

«Сонымен қатар жөнелтіп тиеуге қатысты Шымкент мұнай өңдеу затының логистикалық қиындықтары болды. Соңғы күнде өндірілген мұнай өнімдерінің тек жартысын ғана жөнелту мүмкін болған. «ҚТЖ»-АҚ-бірлесіп тиісті консультациялар жүргізіліп, отынды жөнелту көлемі қалпына келтірілді. Алдағы күндері темір жолмен 4,3 мың тонна бензин мен 4,2 мың тонна дизель отыны оңтүстік өңірлерге жөнелтілмек. Бұған қоса, Шымкент мұнай базасы арқылы құбырмен 1,2 мың тоннадай бензин мен дизель отыны бағытталады. Осыдан кейін автомобиль көлігімен жанар-жағармай құю станциялары жүйелеріне таратылады. Бұл қадамдар таяу күндері жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді», деді ол.