Әлем • 23 Маусым, 2021

Түркия TURKOVAC вакцинасын сынаудың үшінші кезеңін бастады

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия TURKOVAC вакцинасын сынаудың үшінші кезеңін бастады

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина TURKOVAC деп аталады.

«Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі арқылы Түркия бұл салада жаңа парақтың бетін ашады», деді президент. 

Түркия президенті елде коронавирусқа қарсы вакцинация процесі бірнеше аптаның ішінде 18 жастан асқан бүкіл халықты қамтитынын хабарлады.