Аймақтар • 23 Маусым, 2021

Ақтауда жаппай төбелес болды

1069 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы «Достар» жағажайында болған жастар арасындағы төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда жаппай төбелес болды

Жастар арасындағы жаппай төбелестің видеосы 22 маусымда түсірілген.

Полицияның баспасөз қызметі 22 маусымда «102» операторлық пультіне «Достар» жағажайында төбелес болып жатқаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.

«Патрульдік полиция батальонының экипажы оқиға орнына жетіп, үш жас жігітті Ақтау полиция бөліміне алып кетті. Олардың екеуі кәмелетке толмаған болып шықты. Әкімшілік хаттамалар 127-бап және Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 434-бабы бойынша жасалды. Қалған төбелеске қатысушылар анықталып жатыр»,  деді облыстағы полиция.