Оқиға • 23 Маусым, 2021

Жезқазған тұрғыны жеке учаскесінде қарасораның 110 бұтасын заңсыз өсірген

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған тұрғынынан қара сораның 110 бұтасы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазған тұрғыны жеке учаскесінде қарасораның 110 бұтасын заңсыз өсірген

Жезқазған қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне қала тұрғыны құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысады деген ақпарат түсті. 

2021 жылдың 17 маусымында полиция «Қарасора-2021» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол өзінің жеке учаскесінде қара сораның 110 бұтасын заңсыз өсірумен айналысқан болып шықты. Сонымен қатар ұсталушыдан «апиын» есірткі заты бар түрлі көлемдегі пластикалық бөтелкелер алынды. Күдіктінің айтуынша, ол өсімдіктерді өзінің қажеттілігі үшін өсірген. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.