Күрес • 23 Маусым, 2021

Биылғы «Қазақстан Барысында» қандай өзгерістер бар?

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан барысы» мерейтойлық турнирі 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Qazaq kuresi» қауымдастығының спортты дамыту жөніндегі директоры Бақдәулет Сәбитов айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Биылғы «Қазақстан Барысында» қандай өзгерістер бар?

Алайда елорда «қызыл аймақта» болғандықтан, спорт кешеніне көрермендердің тек 20%-ы ғана кіре алады. Кіруге «Ashyq» қосымшасы арқылы рұқсат етіледі. 

«Басқа облыстар мен қалалардың жанкүйерлерін турнирді теледидардан тікелей эфирде көруге шақырамыз. Жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары, ресейлік «Матч! Планета» және «Бокс ТВ», сондай-ақ түріктің «TRT AVAZ» телеарналары көрсетеді. Жарыс 4 шілде күні сағат 13:00-де балуандардың жеребе тастауынан басталады. Жекпе-жектер алты сағатқа созылады деп күтілуде», деді спикер. 

Ресми салмақ өлшеу рәсімі 2 шілде күні сағат 19.00-де «Хан Шатыр» СОО-да өтеді.