Оқиға • 23 Маусым, 2021

Автотұрақта тағы да 100 теңге үшін жанжал шықты

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Алматыдағы «Бақорда» базарының тұрағында болған. Видео кадрларынан жүргізуші мен қызметкер арасында автотұрақ ақысы үшін жанжал шыққанын көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автотұрақта тағы да 100 теңге үшін жанжал шықты

Бұл жолы тұрақ қызметкері жүргізушіге терминал қуаты тауысылғандықтан жұмыс істемейтінін түсіндіріп, 200 теңге төлеуді талап еткен. Видеода Lexus маркалы көлік жүргізушісі бұл оның проблемасы емес екенін айтып, 100 теңге төлегенін ескертеді. Кадрлардан қызметкердің жүргізушіні ұрмақ болғаны көрінеді. Бірақ оны әріптестері тоқтауға тырысады.

Полиция оқиғаның Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Бақорда» базары тұрағында болғанын растады.

«Алатау аудандық полиция басқармасы мәліметіне сәйкес, оқиға бойынша полицияға қоңырау түспеген. Сонымен қатар жанжалға қатысушылар анықталды. Олар бір-біріне арыз, шағым жасаудан бас тартты. Профилактикалық жұмыстар жүргізілді», деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, 30 наурызда осындай жанжал «Алтын Орда» базары тұрағында болғаны хабарланған еді. Жанжалдың видеосы желі қолданушылары арасында резонанс тудырды. Кейін екі тарап татуласып, бір-біріне шағымы жоқ екенін айтты.