Ұлттық спорт түрінің компоненттері білім саласының барлық деңгейінде дене шынықтыру пәнінде енгізіліп жатыр.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өкен брифингте ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Ұлттық спорт түрлері және спорттағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов мәлімдеді.
«Ұлттық спорт түрлерінің тізімі бекітілді. Алдағы уақытта «қазақ күресі», «асық ату» және «тоғызқұмалақ» спорт түрлерін мектеп бағдарламасына енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 4-17 жастағы балаларға спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік беріліп отыр. Ережелерге сәйкес, тізімге 70-тен астам спорт түрі енді», деді спикер.