Президент • 23 Маусым, 2021

Әкімдер азаматтарға екпе салу науқанынан шеттеп қалған сияқты - Тоқаев

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімдер азаматтарға екпе салу науқанынан шеттеп қалған сияқты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкімдер азаматтарға екпе салу науқанынан шеттеп қалған сияқты - Тоқаев

«Әкімдер азаматтарға екпе салу науқанынан шеттеп қалған сияқты. Әлеуметтік нысандардың, бизнес кәсіпорындардың және жалпы елдің экономикасы вакциналаудың сәтті жүргізілуіне тікелей байланысты екенін түсіну керек. Қазір жаппай вакциналау науқаны әкімдер жұмысының ең маңызды міндеттерінің қатарында болуы қажет. Сіздер барынша белсенділік танытып, азаматтарды вакциналау науқанына өздеріңіз жетекшілік етулеріңіз керек», деді Президент.