Коронавирус • 23 Маусым, 2021

«Дельта» штаммы әлемнің 74 елінде анықталды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, коронавирустың бұл штаммы өте қауіпті. Сондай-ақ ДДСҰ мәліметтері бойынша, «Дельта» коронавирусының штаммы әлемнің 74 елінде анықталған, деп жазады Egemen.kz.

«Дельта» штаммы әлемнің 74 елінде анықталды

«Бұл ауруханаға жатқызу мен өлімнің жоғары ықтималдығын тудырады. Сонымен қатар ол басқа штамдарға қарағанда 60% жұқпалы: орта есеппен бір адамнан 5-6 адам індетті жұқтырады. Өзіңізді қорғаудың және аурудың қаупін азайтудың қарапайым әдісі бар – ол коронавирусқа қарсы егілу. Сондықтан әрбір қазақстандыққа өз денсаулығына, жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқор болуға және қысқа мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруды тағы да ұсынамын! Бүгінгі таңда медициналық ұйымдардағы вакциналар қоры жеткілікті», деді вице-премьер.

Ол сондай-ақ ақпан айынан бастап елге 7 миллионға жуық вакцина жеткізілгенін хабарлады. Бүгінгі таңда 4,6 млн доза екпе жасалды, оның ішінде 2,8 млн адам 1-компонентпен егілді, бұл вакцинациялауға жататын халықтың 28%-ы. Ал 1,7 млн адам вакцинаның екінші компонентін алды. 

Өңірлерде 2,4 млн-нан астам вакцина дозасы бар. Қосымша жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.