ШҚО облысы Күршім ауданындағы Күршім өзенінде су тасқыны салдарынан Жауғашты каналын сумен қамтамасыз етіп отырған бөгет қирады.
Бөгет 2016 жылдан бері «Қазсушар» РМК филиалының балансында. Бұрын коммуналдық меншікте болған. 9 маусым Күршім өзенінде су тасқыны өткен соң су деңгейі төмендеп, шаруалар суармалы судың жетіспеушілігін сезініп отыр.
Бүгінгі күні «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының күшімен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Қазсушар» РМК орталық аппаратынан жергілікті жердегі жұмыстарды үйлестіру үшін мамандар мен қосымша техника жіберілді.
Қалпына келтіру жұмыстары 24 маусым аяқталады деп күтіледі.