Қазақстан • 23 Маусым, 2021

Екпе ектіргеннен кейін 1437 адам коронавирус жұқтырған

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қанша адам вакцинадан кейін де коронавирус жұқтырғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екпе ектіргеннен кейін 1437 адам  коронавирус жұқтырған

«Қазіргі уақытта вакциналаудан кейін 1437 адам ауырған. Мұның өте төмен деңгей - 0,05% екенін атап өткім келеді. Өндірушінің өзі вакцинаның тиімділігін 92% деп көрсеткен, яғни 100 адамның сегізі ауырып қалуы мүмкін», деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Спикер «Спутник V», «Hayat-Vax» және «QazVac» вакциналарын алған науқастар туралы мәліметтерді келтірді.

«Спутник V» алғашқы дозасынан кейін 979 адам ауырып қалған, «QazVac-тен» кейін –сегіз және «Hayat-Vax» вакцинасынан кейін - 35 адам ауырған.