Спорт • 24 Маусым, 2021

EURO-2020:Плей-офф кезеңіне шыққан кезекті құрамалар анықталды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Топтық кезеңнің III тур ойындары аясында Е тобының құрамалары өзара кездесіп, плей-офф кезеңіне берілетін жолдамаларға таласты. Севильяда кездескен Словакия мен Испания құрамалары арасындағы матч 0:5 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

EURO-2020:Плей-офф кезеңіне шыққан кезекті құрамалар анықталды

Кездесуде ә дегеннен Луис Энрике шәкірттерінің басымдығы байқалып тұрды.

Еуропа чемпионатын 2, әлем чемпионатын 1 мәрте жеңіп алған Испания құрамасы қазір 90 пайызға жаңарған. Көне көздерден Серхио Бускетс, Жорди Альба, Альваро Мораталар ғана қалған. Бүгінгі кездесуде үшеуі де бірінші минуттан алаңға шықты.

Ойынның 30 минутында Словакия құрамасының қақпашысы Мартин Дубравка өз қақпасына гол соғып алды. Ал бірінші тайм түгесілер тұста Эмерик Ляпорт гол соғып, өз командасына түбегейлі басымдық сыйлады. Испания құрамасы мұнымен де тоқтап қалған жоқ. 56 минутта Пабло Сарабия гол соғып, Словакия құрамасын жеңістің ауылынан алыстатып тастады. Алдыңғы екі турда айтарлықтай азуын көрсетпеген Испания осы жолы бар өнерін паш еткендей. 67 минутта Ферран Торрес командасының төртінші добын салды. 71 минутта Юрай Куцка өз қақпасына гол соғып алды.

Бұл топтан Швеция құрамасы бес ұпай жинап, бірінші орынмен плей-оффқа шықты. Испания құрамасы да 5 ұпай жинады. Алайда доп айырмашылығы бойынша шведтерге жол берді. Словакия құрамасы топтағы үшінші орын алған команда ретінде плей-офф кезеңінен үміттенеді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше