Әлем • 24 Маусым, 2021

Міндетті вакциналауды қолдайды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейліктердің жартысына жуы­ғы ха­лық­ты коро­на­ви­русқа қарсы мін­дет­ті вакциналауды қолдаған. Бұл туралы РИА Новости РБК-ға сілтеме жасай отырып хабарлады. Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының зерттеуіне елдің 1,6 мың ересек тұрғыны қатысты.

Міндетті вакциналауды қолдайды

Нәтижелер көрсеткендей, респонденттердің 49 па­йызы биліктің белгілі бір салалардағы жұмысшыларды вакциналауға міндеттеу туралы шешімін мақұлдаған. 16 пайызы бұл мәселеге бейжай қараса, 30 пайызы қарсылық білдірген.

100 мыңға жуық халқы бар қалаларда сауалдамаға қатысқандардың 54 па­йызы идеяны қолдады, ал Мәскеу мен Санкт-Петербургте басқа қалаларға қарағанда теріс бағаланған (30 па­йыз). Қызмет көрсету жұмысшыларын міндетті вакциналау Мәскеу мен ай­мақтардағы эпи­демиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі деген пікірмен ресейліктердің 52 пайызы келіскен, ал респонденттердің 34 пайызы қарама-қарсы пікірде, ал тағы 14 пайызы нақты жауап бере алмады. Қатысушылардың 22 пайызы, көбінесе 18 жастан 34 жасқа дейінгі жастар биліктің мұндай ше­ші­мінен хабардар болмай шықты. Зерт­теу­дің статистикалық қателігі 2,5 пайыздан ас­пайды деп атап өтті ВЦИОМ.

Коронавирусқа қарсы вакциналау Ресейдің барлық аймақтарында жүріп жатыр. Күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты жекелеген салалардың қыз­меткерлері үшін міндетті екпе ен­гізілген. Билік жаздың соңына қарай халықтың 60-70 пайызын вакциналауды жоспарлап отыр.