Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен кездесуде «Астана» Шымкенттің «Ордабасы» клубын қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бәсеке тағдырын шымкенттік ұжым бірінші таймның 24-минутына дейін шешіп тастады. 22-минутта «Ордабасы» сапынан Бағдат Қайыров есепті ашса, 24-минутта биылғы біріншіліктің үздік сұрмергенінің бірі Жоау Паулу есепті еселеп, ойынның нүктесін қойды. Бұл – «Астананың» биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңілісі.
Кейінгі екі матчта 1:1 есебі тіркелді. «Шахтер» сырт алаңда «Атыраумен» ұпай бөліссе, «Ақтөбе» өз алаңында «Қызылжарды» жеңе алмады. Қалған кездесулердің қалай өрбігенін газетіміздің келесі санында баяндайтын боламыз.