Өнер • 24 Маусым, 2021

Қаһарманды дәріптеген қойылым

467 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Елорда – өнер өлкесі» атты театрлардың шығармашылық кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан ән-би ансамблі драматург Қанат Жүнісовтің «Жеңіс жалауы» әскери-музыкалық спектаклін сахналады.

Қаһарманды дәріптеген қойылым

Қойылымның премьерасына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Ұлттық ұланның Бас қол­басшысы Руслан Жақсылықов қатысты.

−Тәуелсіздігіміздің отыз жыл­дығы мен қала күніне орай ұйымдастырылған «Елорда – өнер өлкесі» атты Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан театр­ларының шығармашылық кездесуінің екінші күнінде сіздермен бірге Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің жанынан құрылған жаңа театрдың «Жеңіс жалауы» спектаклін тамашалап отырмыз. Екін­ші дүниежүзілік соғыс ке­зінде Отан үшін от кешкен ата­ларымыздың ерлігінен сыр шертетін бұл әскери-музы­ка­лық қойылымның маңызы зор. Біз сол ұлы жеңіске жеткен бабалар рухына тағзым етеміз. Сол ерлік дәстүрін жалғап, бейбіт күннің сақ­шы­лары болған Ұлттық ұлан бү­гінде күндіз-түні тыныштығымызды қорғап келеді, − деді министр.

Талантты жас режиссер Дәурен Серғазин қойған спектакльде Екінші дүниежүзілік со­ғыста Берлиндегі Рейхстагқа алғашқы жеңіс туын қадаған Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі баяндалды.

Ұлттық ұлан Бас қол­басшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов өз сө­зінде осы қойылым арқы­лы жастарға Рақымжан аға­мыз секілді ержүрек қазақ жауынгерлерінің Ұлы жеңісті жақындатуға қосқан үлесі мен олардың майдан даласындағы ерлігін дәріптеу екендігін жет­кізді. Сонымен қатар ол ансамбль құра­мын­дағы театр тобы Ішкі іс­тер министрінің қолдауымен ашыл­ғанын, оны құру барысында ре­сей­лік әскер театрының тә­жі­рибесі зерттелгенін айта ке­ліп, «Әскери театрды ашу­дағы мақсат – погон таққан әртістердің өнерімен өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып, әскери қызметті насихаттау», деді.