Әлем • 24 Маусым, 2021

«Дельта» штамының жаңа мутациясы 9 елде анықталды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тоғыз елде коронавирус штамының жаңа түрі «дельта плюс» анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дельта» штамының жаңа мутациясы 9 елде анықталды

COVID-19-дың «​дельта плюс» деп аталған жаңа штамм нұсқасы Үндістанда, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Португалияда, Швейцарияда, Жапонияда, Польшада, Непалда, Қытайда және Ресейде анықталған.

COVID-19-дың бұл нұсқасы «алаңдататын» деп жіктеліп отыр. Жаңа мутацияның қаупі әлі белгісіз. Штамм неғұрлым жұқпалы, өкпе жасушаларына көбірек байланысатыны және антиденелерге қарсы тұра алатыны белгілі.

Атап айтқанда, бұрын дельта штамын тіркеген Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі жаңа мутацияны анықтаудың 22 жағдайын хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа нұсқа - бұл K417N қосымша мутациясы бар «дельтаның» әдеттегі нұсқасы, ол Оңтүстік Африкадан келген «бета» нұсқасында да байқалады.

Бұған дейін Қазақстанда да коронавирустың дельта-нұсқасының таралу ықтималдығы анықталған болатын. Нұр-Сұлтанда коронавирустың үнді штамы пациенттердің 56 пайызында алдын ала расталғаны хабарланған. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантин шектеулерін қатаңдатуды ұйғарған.