Бокс • 24 Маусым, 2021

«Қазақ стилін көрсетемін» – Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегасқа ұшып барды, ол 26 маусымда бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақ стилін көрсетемін» – Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

«Біз Лас-Вегастамыз. Сенбіде Вегаста үлкен жаңалық болады, бұл туралы бүкіл әлем біледі. Вегаста болып жатқан нәрсе Вегаста қалмауы керек. Мен қазақ стилін көрсетемін», деп жазды Әлімханұлы Twitter-де.

Жекпе-жек украиналық Василий Ломаченко мен жапониялық Масаеши Накатанидің андеркартында өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша ол 27 маусымда таңертең болады. Трансляция сағат 08.00-де басталады.