Қазақстан • 24 Маусым, 2021

ШҚО-да жаппай мал қырылды деген ақпарат жалған – АШМ

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Шілікті ауылында белгісіз аурудан жаппай мал қырылды деп таратқан БАҚ-тың хабарламасына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі, бүгінгі таңда Шілікті ауылдық округінде аса қауіпті аурудан мал өлмегенін хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-да жаппай мал қырылды деген ақпарат жалған – АШМ

– Өңірдегі шаруашылықтардың бірінде малдың жаппай қырылуы биыл мамыр айының басында болған. Содан кейін анаэробты энтеротоксиннің салдарынан 102 қозының өлгені анықталған болатын. Сонымен қатар жайылымдарды тексергенде де улы немесе басқа да зиян ештеңе анықталмады. Үлкен қойларда аурудың белгілері болған жоқ.

Осыған байланысты ветеринарлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шаруашылық иесіне бұл жағдайда өлген малға өтемақы төленбейтіні айтылды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ 2020 жылы және биығы жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері эпизоотияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы жүргізгенін және қазіргі уақытта Қазақстандағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары аса қауіпті ауруларға қарсы вакцина егілгенін айтты.

– Биыл мамыр айында қозылар өлгеннен кейін Шілікті ауылдық округінің малы ветеринар мамандардың қатаң бақылауында болады. Сондықтан Шілікті ауылында малдың жаппай қырылып жатқаны туралы ақпарат тексерілмеген және жалған, – деді АШМ.