Коронавирус • 24 Маусым, 2021

Ғалымдар коронавирусты тарататын жаңа факторды анықтады

739 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кипрдегі Никосия университетінің зерттеушілері коронавирус ауада ағаш тозаңы арқылы таралуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымдар коронавирусты тарататын жаңа факторды анықтады

Ғалымдар әртүрлі бөлшек вирустың таралуына қалай әсер ететінін түсіну үшін тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде COVID-19-дың өршуі мен ауадағы тозаң концентрациясы арасында байланыс бар екені белгілі болған.

Мамандар компьютерлік модель жасап, тозаңның таралуын көрсеткен. Деректерді талдағаннан кейін олар тозаң вирус бөлшектерін тасмалдауға көмектеседі деген қорытындыға келген. Тозаң минутына 20 метрге дейін ұшып, адамдар арасында вирус бөлшектерін тасымалдай алады.

Аллергендердің ұлттық картасын қарап шыққаннан кейін, олар ауадағы тозаң концентрациясы жоғары жерлерде инфекция жұқтыру жағдайлары көп тіркелгенін анықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жағдайда екі метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау жеткіліксіз болуы мүмкін.