Коронавирусқа қарсы вакцина неліктен 18 жастан асқандарға салынады және екпе алғаннан кейін жүктілікті жоспарлауға бола ма? Қалалық №4 емхананың дәрігер-эпидемиологы Айман Досанова вакцинацияның тиімділігі және оның адам ағзасына әсері туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус пандемиясымен күрес екінші жылға созылып барады. Бұл саладағы үлкен күш денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық қызметкерлерге жүктеліп отыр. Жыл басынан бері дәрігерлерге көмек ретінде вакцинация жеткізілді. Бұл ұжымдық иммунитетті дамытудың және өмірдің бұрынғы жағдайына оралудың жалғыз, тиімді әдісі.
«Қазір вакцина аларда оның түріне таңдау беріледі. Қолданыста Қазақстанның, Ресейдің, Қытайдың вакциналары бар. Оның бәрі ерікті түрде жасалады. Вакцинаның маңызы өте зор. Себебі жаппай вакциналау бүгінге дейін адамзатты түрлі індеттен құтқарып келді. Өкінішке қарай, ғаламтор беттерінде коронавирусқа қарсы вакцина жайлы шындыққа сай келмейтін, жалған ақпараттар бар. Ол вакцинаның бәрі қолданысқа енерден бұрын түрлі сынақтан өтті. Сондықтан жұрт жалған ақпаратқа емес, ғылыми түрде дәлелденген мәліметтерге сенуі тиіс», деді дәрігер.
Оның айтуынша, пандемияны тоқтату үшін халықтың шамамен 60-70% вакцинациядан өтуі тиіс. Сол кезде ғана ұжымдық иммунитет дамуы мүмкін, нәтижесінде вирус ешкімге жұқпайды.
«Мүмкіндікті пайдалана отырып, жұртшылыққа қарапайым санитарлық талаптарды сақтауы керектігін айтқым келеді. Біз, дәрігерлер маска тағып, антисептиктерді тұрақты пайдаланамыз. Арақашықтық сақтау – басты міндетіміздің бірі. Бұл – вирустың таралуының алдын алатын бірден бір тәсіл. Жұрт арасында маска тағуға қарсылық білдіретін, адам көп жиналған орындарда алаңсыз жүретін, қонаққа еш қиналмастан баратын жандар бар. Мұндай алаңсыздық науқастар санын арттырады. Ал қазір үнді штамы деген атаумен белгілі инфекцияның ең қауіпті түрі таралып жатыр», дейді Досанова.
Вакцинация жайлы айта отырып, дәрігер коронавирусқа қарсы екпені 18 жастан асқандар ғана алатынын қозғап өтті. Вакцина алуға жүкті, бала емізетін, онкологиялық аурулары, сондай-ақ түрлі препараттарға аллергиялық реакциясы бар адамдарға болмайды. Маманның айтуынша, вакцина алғаннан кейін жүктілікті жоспарлауға болады. Алайда екі компоненттің арасында емес. Екпені толық алып болғаннан кейін бір жарым айдан кейін ғана жоспарлау қажет. Дегенмен вакцина коронавирустан толықтай қорғамайтынын, бірақ екпе алған адам коронавируспен ауыратын болса, жеңіл өтетінін мәлім етті.
«Көбісі қандай да бір препаратқа қарсы аллергия пайда болса не істеу керек деп сұрайды. Мұндай жағдайда вакцина алардан бұрын учаскелік дәрігерге көріну қажет. Бұл сол сияқты ұзақ мерзімді жүрек ауруымен ауыратындарға да қатысты. Вакцина алғаннан кейін үш күн ішінде адамда әлсіздік, дене ауыруы, дене қызуының көтерілуі секілді өзгерістер болуы мүмкін. Мұндай әсер вакцинаның өзге де түрлерінде кездеседі. Сол себепті үш күн уақыт беріледі. Ал салғаннан кейін пациент қандай да бір реакциялар болған жағдайда дереу тиісті шаралар қабылдау үшін 30 минут бақылауда болады. Бірақ мұндай жағдай бізде әлі кездескен жоқ», деп қосты спикер.
Ақмолада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Жыл соңына дейін елімізде 5 ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 11:16
Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 10:59
Семейде есірткі сатқан студенттер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:43
Балқаш маңында жаңа күн электр станциясы салынды
Қазақстан • Бүгін, 10:28
Қаржы • Бүгін, 10:17
Шымкентте мақта өңдейтін зауыттан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Елімізде 9,5 млн адам екпе салдырды
Коронавирус • Бүгін, 09:49
Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Рыбакина АҚШ-та өткен турнирдің ширек финалына өтті
Теннис • Бүгін, 09:16
COVID-19: Елімізде 1338 адам емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 951 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:55
Спорт • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Жетісу мектептері жаңа оқу жылына дайын
Білім • Бүгін, 08:52
Халықаралық олимпиадада олжа салды
Аймақтар • Бүгін, 08:50
Спорт • Бүгін, 08:48
Спорт • Бүгін, 08:46
Спорт • Бүгін, 08:45
Қарағайлы өлке – туризмнің інжу-маржаны
Туризм • Бүгін, 08:43
Ұлықұм етегінде ұйымдастырылған игі іс
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Жастар спорты қолдауды қажет етеді
Спорт • Бүгін, 08:40
Руханият • Бүгін, 08:39
Аймақтар • Бүгін, 08:37
Білім • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:34
Көпбалалы отбасыларға – 198,7 млрд теңге
Қоғам • Бүгін, 08:33
Шаруаның шағымы: Халықпен кездесулерде мыңнан астам мәселе көтерілген
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Шағын шаруа қожалықтарының қолы ұзарды
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Тұңғыш түсіндірме кітап жарық көрді
Қазақстан • Бүгін, 08:27
60 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 08:23
Ашық аспан астындағы музей ашылады
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Жол картасын жүзеге асыру маңызды
Саясат • Бүгін, 08:20
Дипломатия ардагерлері марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Саясат • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар