30 Сәуір, 2010

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көкшетаудағы “Достар” мә­дениет сарайында әскер қатарына шақырылушылардың “Отан сар­баздары” атты тұңғыш пат­риоттық акциясы өткізілді. Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу аясын­дағы жалпыхалықтық шара­ға қатысушыларды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков, облыстық қор­ғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Александр Старцев, соғыс ардагері Алексей Ястребов, облыстық соғыс және еңбек ардагерлері ұйымының төрағасы Чапай Әбутәліпов, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Бауыржан Ыбыраев, ата-аналар қызу құт­тық­тады. Олар биылғы мерекелі көктемде мыңдаған жас буын Отан шептерін қорғауға аттанып, ел сенімін абыроймен ақтайтын­дығына сенім білдірді. Басқосудағы ұмытылмас сәт ретінде болашақ жауынгерлердің әрқайсысына даңқты жерлесіміз, Қазақстан Республикасының тұң­ғыш Қорғаныс министрі, Халық ҚаҺарманы Сағадат Нұрмағам­бетовтің арнайы құттықтауы мен облыс әкімі Сергей Дьяченконың атынан бағалы сыйлықтар тапсы­рылуын атар едік. Мұндай сый-сияпатқа соғыс және тыл ардагер­лері де ие болды. Кездесу соңында Қазақстан Республикасы әскери күштерінің бүгінгі сан қырлы қызметі жайын­да деректі фильм көрсетіліп, қала көркемөнерпаздар үйірмелері мүшелерінің мерекелік концерті қойылды. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.