Қазақстан • 24 Маусым, 2021

Ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға жарияланған мораторий ұзартылды

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Парламенттің жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша заңды қабылдауына байланысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға жарияланған мораторий ұзартылды

Жаңа нормаларға сәйкес ауылшаруашылық жерлерін сатуға мораторий 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Жалға алу тек Қазақстан азаматтары мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғалар үшін ғана қолжетімді болады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін субарендаға беруге тыйым салынады. Бұл заң Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатымен Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы бойынша әзірленді.

«Бұл заңда жердi қорғауға, оны ұтымды және мақсатты пайдалануға арналған жаңа нормалар қарастырылған. Соған сәйкес Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру жөнінде Жер кодексіндегі нормалардың қолданылуына мораторий ұзартылады. Құжатқа жайылымдық жерлерді пайдалану мәселелерін реттейтін, жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа нормалар да енгізілді. Оның бәрі еліміздің ұлттық мүддесіне толығымен сәйкес келеді»,  деді Сенат төрағасы.