Экология • 24 Маусым, 2021

Жайық өзенінің жағалауындағы өрт сөндіріліп жатыр

937 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау қаласында Жайық өзенінің жағалауы төртінші рет өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайық өзенінің жағалауындағы өрт сөндіріліп жатыр

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сағат 11:14-те өрт туралы хабар түскен.

«Жайық өзенінің «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданындағы жағалауында құрғақ бұталар мен қамыс қопасы өртенген. Қазір өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.