Аймақтар • 24 Маусым, 2021

Ақтөбеде 57 жастағы әйелді көлік қағып кетті

587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде Lada Xray жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде 57 жастағы әйелді көлік қағып кетті

22 маусым күні сағат 23:40-та Lada Xray автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі Тургенев көшесімен жанармай бекеттерінің біріне қарама-қарсы жүріп, 57 жастағы әйелді қағып кетті. Ол жолдың жүріс бөлігін оңнан солға, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесімен, көлік құралдарының қозғалысы бойынша кесіп өткен.