«Осыдан 12 күн бұрын балам велосипед теуіп жүріп, қолын сындырып алады. Содан үйге жақын жерге сынықшыға барып, қолын салдырдық. Олар «үш күннен кейін келіңіз, қайтадан жібін ауыстырамыз» деп айтты. Үш күннен кейін ауыстырып берді, сосын 21 күннен кейін келуім керегін айтты. Осы аралықта баланың қолы ісіп, көгерді. Ол «уайымдамаңыз» деді. Үйге келген соң ұлымның қолы ісіп, көгеріп, қызарды. Бірер күннен соң, қолының ұшы жәймендеп қарая бастады. Балам өзін жақсы сезініп, тәбеті жақсы болып жүргендіктен бәрі жақсы деп ойладық. Бес-алты күн өткеннен кейін бала саусақтарын сезбейтін болды. Қайтадан сынықшыға апарсам «Бұлай болуы қалыпты, саусақтарының басын маймен майлаңыз» деп қайтарып жіберді», дейді баланың анасы.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының хирургі Құрман Қайранов қазақстандықтарды білікті дәрігерлерге қаралуға шақырды.
«Біздің балалар ауруханасының травмотология бөліміне 17 күні 8 жастағы бала түсті. Ауруханаға түскенге дейін білегін сындырып алған, емшілер қолына тығыз тамшы салып тастаған. Бізге келгенде баланың жағдайы өте ауыр болды, қолының басы қарайып, еті өліп қалған, жан жоқ. Содан кейін біз барлық орталыққа шықтық, консультация жасадық, тамырлы хирургтерге көрсеттік. Бәрінің айтқан тұжырымдамасы – ампутация. 20 маусым күні ота жасалды. Сынықшы, емшіге барып ем алғанда, сынған сүйек әрдайым орнына келе бермейді. Қазір 21 ғасыр, заман, технология дамып жатыр. Сондықтан науқасты ең бірінші уақытылы ауруханаға жеткізіңіздер», деді маман.