«Қазіргі таңда қашықтан жұмыс істеу әлемдік трендке айналып отыр. Бұған әрине, пандемия да өз әсерін тигізді. Елімізде азаматтар қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен кезде тиісті заңнамалық реттеудің жоқтығы еңбек қатынастары саласында кейбір мәселелерді туғызғаны белгілі. Осы заң қашықтан жұмыс істеудің құқықтық негіздерін одан әрі қалыптастыруға арналған», деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Парламент депутаттары қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға арналған заңға бастама жасаған болатын. «Қашықтағы» қызметкерлерге арналған жаңалықтардың ішінде - белгіленген жұмыс уақытының тіркелген есебі, жұмыс берушінің өз қызметкерлерін жабдықтармен, байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеті және басқа да бірқатар ережелер бар.
Егер қызметкер еңбек шартында көрсетілген жұмыс көлемін орындаса, қашықтан жұмыс сипатындағы жалақы толық мөлшерде төленуі керек.