Одан бөлек, қала әкімі бастаған басшылық құрам апта сайын әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдары арқылы тікелей эфирге шығып, халық сұрағына жауап беріп отырады.
Биылдан бастап қаладағы 4 ауданға «Халық қатысатын бюджет» жобасы енгізілді. Қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкіметтің» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алу мүмкіндігі бар.
Жалпы алғанда, 2021 жылғы қалалық бюджет өткен жылға қарағанда 4 пайызға ұлғайып, 481,6 млрд теңгені құрап отыр. Оның 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған.