Аймақтар • 25 Маусым, 2021

Тауға шыққан туристер тағы адасып кетті

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Фурманов шыңына шыққан туристер адасып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Тауға шыққан туристер тағы адасып кетті

Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, 24 маусым күні РЖҚЖ-ға тауда екі жас жігіттің адасып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Ақпарат бойынша, олар «Медеу» мұз айдынының маңында болған, тауларда қатты жаңбыр жауған. Жедел топ дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Жолда құтқарушылар адасқандарға қоңырау шалып, жігіттердің геолокациясын анықтады.

«Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері туристерге қарай жаяу жүріп, жол бойы жастармен хабарласып, олардың орналасқан жерін нақтылап отырды. Алынған ақпаратқа сүйене отырып, жедел топ Фурманов шыңына қарай бет алды (биіктігі теңіз деңгейінен 3053 метр). Іздестіру-құтқару операциясы қатты бұлттылық пен тұманмен күрделене түсті, көріну өте нашар, жаңбыр жауып, ылғалданған шөп сырғанақ болды. Құтқарушылар шыңға жақындағанда шамның жарығын көрді, визуалды байланыс орнатылды. Туристер Фурманов шыңы маңындағы бақылау палубасынан табылды, олар қатты шаршап және мұздап қалған. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады», деп хабарлады «ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметінен.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тауда адасып кеткендермен профилактикалық әңгіме жүргізі. Туристер қаладағы қауіпсіз жерге жеткізілді.