Қазақстан • 25 Маусым, 2021

330 қазақстандық шетелде оқуға мүмкіндік алды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын Қазақстанның басқа елдермен үкіметаралық келісімдері шеңберінде қазақстандықтарға шетелдік оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура/резидентура бағдарламалары бойынша тегін білім алу мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

330 қазақстандық шетелде оқуға мүмкіндік алды

2021 жылы 330 қазақстандық жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ұсынылды. Оның ішінде, Мажарстанға - 250, ҚХР-ге – 47, Украинаға - 10, Словакияға - 3, Әзірбайжанға - 8, Польшаға - 11, Вьетнамға - 1. Тәжікстанда оқуға құжаттар әлі қабылданып жатыр.

Әңгімелесу қатаң түрде регламент бойынша өткізілді, әрбір үміткерге мына төмендегіні анықтау үшін үш міндетті сұрақ қойылды:
-  мамандық таңдаудағы уәжділік пен хабардарлық деңгейі;
- теориялық білім деңгейі және оқудағы немесе таңдаған мамандығы саласындағы жетістіктері;
- ойлау логикасының деңгейі, сөйлеу сапасы, жағдаяттық мәселелерді шешудегі жеке қасиеттері мен дағдылары.

Қорытынды конкурстық комиссия үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары орташа балы бар үміткерлерді негізгі және резервтік тізімге енгізді: шет тілін білу деңгейі, білімі туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға.

Білім беру гранттарын тағайындау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, Үкіметаралық гранттарды тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қолма-қол немесе «e-gov» электрондық үкімет порталында онлайн қабылдайды.