Әлем • 25 Маусым, 2021

Ресейде жүкті әйелдердің «Спутник V» вакцинасын алуына рұқсат берілді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарапшылар жүкті әйелдерге «Спутник V» вакцинасын егуді мақұлдады. Бұл туралы жұма күні РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде жүкті әйелдердің «Спутник V» вакцинасын алуына рұқсат берілді

«Бүгін вакцинаның қауіпсіздігін тексерудегі клиникаға дейінгі зерттеудің оң нәтижелерін, сондай-ақ клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділік пен қауіпсіздік бойынша жинақталған деректерді ескере отырып, сарапшылар жүкті әйелдерге «Гам-ковид-вак» вакцинасын қолдануға қарсы көрсеткіштерді алып тастау туралы шешім қабылдады», деді ол коронавирус инфекциясымен күрес бойынша үйлестірілген кеңесте.

Бұған дейін Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, ҚР академигі және бас репродуктологы Вячеслав Локшин жүкті әйелдердегі коронавирус инфекциясының ағымы туралы айтқан болатын.