Қоғам • 25 Маусым, 2021

Ауыл әкімін сайлау науқаны ел өміріндегі маңызды оқиға болады - Ерлан Қарин

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау бүкіл ел үшін айтулы оқиғаға айналады. Мұндай пікірді Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин сараптамалық талқылауда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл әкімін сайлау науқаны ел өміріндегі маңызды оқиға болады - Ерлан Қарин

Оның айтуынша, бүгінде ауыл әкімдері әкімдік корпусының 90%-дан астамын құрайды. «Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұрады. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау науқаны маңызды оқиға болғаны бір бөлек, бұл шын мәнісінде азаматтар мен мемлекеттің, билік пен қоғамның арасындағы қарым-қатынастың жаңа принциптерінің орныққанын аңғартады.

Осы реформалар қалай іске асады? Болашақта тағы қандай бастамаларды жүзеге асыра аламыз? Біздің мақсатымыз - осы сұрақтар аясында мүмкіндігінше пікір алмасу. Бүгінгі кездесуде біздің әріптесіміз Андрей Чеботаревтің дайындаған сараптамалық баяндамасын тыңдадық. Бұл баяндамада соңғы екі жылда жарияланған барлық саяси бастамалар талданып жүйеленген. Сонымен қатар, Президент тарапынан адам құқығы мәселесіне қатысты біршама маңызды мәселелер де көтерілген. Осындай кездесулердің нәтижесінде бүгін, міне, осы уақытқа дейін талдап қана қоймай, болашақта атқарылатын басқа да реформаларды пысықтау мүмкіндігі туды», деді Ерлан Қарин.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10