«28 маусымнан бастап 12 шілдеге дейін Ташкентке көрші облыстардан автокөлік құралдарымен (автомобильдер мен автобустар) кіруге шектеу қойылады. 28 маусымнан бастап бүкіл ел бойынша барлық ойын-сауық нысандары (мейрамханалар, түнгі клубтар, караоке, бильярд және компьютер залдары, қоғамдық тамақтану орындары-кафелер, асханалар мен шайханалар) кесте бойынша 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал осы мекемелерге келушілер саны жалпы көлемнің 50%-нан аспауы тиіс», делінген Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Өзбекстан астанасы эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты екі апталық карантинге жабылады. Мұндай шешімді коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтөбеде соқтығыс салдарынан көлік көпірден құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Жетісуда 72 кәсіпкерге заңсыз салық салынған
Аймақтар • Кеше
Түркістанда күдікті танысының көлігін айдап кеткен
Оқиға • Кеше