Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы төрағасы Қазақстанда атқарып жүрген жұмысы және көшбасшылық қабілетімен бөлісе отырып, жастардың сауалына жауап берді. Резерв өкілдері мемлекетті басқару ісінде кездесетін кедергілермен танысты.
Президент кеңесшісінің айтуынша, бұл жастар келешек мемлекеттік қызметшілер, ел басқаратын тұлғалар. Сондықтан стратегиялық жоспарлау, аумақтық даму, мемлекеттік басқару жүйесі және ел экономикасына инвестиция тарту тәсілдерін жетік білуі қажет.
Олжас Сәкенов, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі:
– Резерв мүшелерінің саяси тұлғалармен кездесуінің тағы бір мүмкіндігі туды. Бұның маңызы жаңа реформа, өзгерістерге септігін тигізу.
Аяужан Әбдуәлиева, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі:
– Кездесу барысында сұрақтар қойып, идеялармен бөлісіп, талқылау болды. Осы кісінің тәжірибесі, қызметтегі жетістіктерін, көптеген ақпаратты ойымызға түйдік.