Оқиға • 26 Маусым, 2021

Жол ережесіне байланысты жанжал атыспен аяқталды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары отырған көлікке оқ атылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол ережесіне байланысты жанжал атыспен аяқталды

Оқиға Алматы-Талдықорған жолындағы Арқарлы асуының маңында болған.

«26 маусым күні сағат 12:20 шамасында полицияға Арқарлы асуының маңында жол ережесіне байланысты жанжал туындап, көлікке оқ атылғаны жөнінде хабарлама түсті. Оқ атылған көлікте Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеу басталып, бұзақыларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көлікке кімнің оқ атқаны белгісіз», делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.