Оқиға • 27 Маусым, 2021

Отандастарымыз «Теңіз кубогы-2021» конкурсына қатысады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің әскери теңізшілері Армия халықаралық ойындарына дайындалуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандастарымыз «Теңіз кубогы-2021» конкурсына қатысады

«Бұл конкурсқа қатысу үшін негізгі және резервтегі кемелер белгіленді. «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемесі – негізгі, ал «Маңғыстау» – резервтегі кеме ретінде белгіленді. Дайындық кезінде әскери қызметшілер әуе және суүсті шартты нысаналарын іс жүзінде атуды орындайды. Жүзушілер құтқару құралдарын қолдану кезеңіне дайындалып жатыр. Кеменің мықтылығын көрсету жолындағы күреске ерекше назар аударылады», деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аталмыш байқау 2015 жылдан бастап өткізіледі. Еліміздің әскери теңізшілері 2015, 2016 және 2018 жылдары конкурстың күміс жүлдегерлері атанып, 2017 және 2019 жылдары – үшінші орын иеленген болатын.

Айта кетейік, биыл халықаралық конкурс Иранда өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35