Әлем • 28 Маусым, 2021

Торнадо бірқатар елді мекенді жойды

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияда торнадо салдарынан адам­дар жапа шекті. Мемлекеттің оң­түстік-шығы­сында жүріп өткен сұм­­дық дауыл­
3 адамның өмірін қиып, жүз­ге жуық адамның денсаулығына зақым кел­­тірді.

Торнадо бірқатар елді мекенді жойды

Чехияда торнадо салдарынан адам­дар жапа шекті. Мемлекеттің оң­түстік-шығы­сында жүріп өткен сұм­­дық дауыл­
3 адамның өмірін қиып, жүз­ге жуық адамның денсаулығына зақым кел­­тірді.
Жауын-шашын мен найзағайдан кейін пайда болған торнадо түгел мем­лекетті әбігерге салды. 7 қала мен бір­қатар ауылдық елді мекенде үйлер мен ғимараттар құлап, жермен-жексен болды. Табиғи апат салдарынан жүздеген кө­лік аударылды. 120 мыңнан астам үй жарық­сыз қалды.
Апат салдарын анықтауға 360 полиция қызметкері жұмылған. Республиканың бас­қа тараптарынан құтқарушылар ша­қы­рыл­ған. Сонымен қатар Аустрия мен Сло­вакия да қосымша көмек күшін жі­берді.
Оқиға орындарында дрондар мен тік­ұшақтар жүр. Өйткені үйінділер арасынан адамдарды табу қиынға соғып жатқан көрінеді. Құтқарушылардың бірі қайтыс болған. Сондықтан 3 адам деген нақты әрі соңғы статистика емес деседі.
Елдің премьер-министрі Андрей Бабис апат үлкен шығынға алып келіп, мемлекет үшін ауыр соққы болғанын мәлімдеді. Брюссельге Еуро­па одағының саммитіне қатысуға кеткен үкі­мет басшысы бұл оқиғаны «қасірет» деп атады.
Хруски қаласы әкімінің орынбасары БАҚ-қа арналған мәслихатта өзі басқарып отырған қаладағы барлық ғимараттың құлағанын хабарлады. «Шіркеудің мұнарасы, мектептердің шаты­ры жоқ. Үйлердің қабырғасы түгелдей құлады. Адамдар жапа шекті. Жағдай қиын», деді ол.