АҚШ әкімшілігі F-16 жойғыш ұшақтарын, Sidewinder мен Harpoon зымырандарын Филлипин үкіметіне 2,5 млрд АҚШ долларына сататынын растады.
Бейсенбіде АҚШ тарапы Филлипинмен серіктестік бойынша келісімді жаңартатынын, соның аясында қару-жарақ сатуға келісім бергенін мәлімдеді. Пентагонның хабарлауынша, Филлипин үкіметі 10 F-16C Block 70/72 ұшағын және 2 F-16D Block 70/72 ұшағын сатып алуға ұсыныс білдірген. Бұл арсенал оқыту-жаттықтырумен бірге есептегенде 2,43 млрд АҚШ долларына бағаланады. Дегенмен, әзірге ұшақтардың Филлипинге сатылғаны туралы ресми мәлімет жоқ.
Филлипин президенті Родриго Дутерте былтыр ғана Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатып, АҚШ-тың сыртқы саясатын сынға алған болатын. Ол сонымен қатар Филлипиннің кейбір жерінің Қытайға өтуіне АҚШ-ты кінәлаған.
Стратегиялық және халықаралық білім орталығының Теңіз қауіпсіздігі бойынша сарапшысы Грегорий Полинг Дутертенің бұл шағымы АҚШ Филлипинге сапасыз қару сатқандықтан, осындай ойға келді деп болжайды.
АҚШ әкімшілігі F-16 жойғыш ұшақтарын, Sidewinder мен Harpoon зымырандарын Филлипин үкіметіне 2,5 млрд АҚШ долларына сататынын растады.
Түркістан облысында Отбасын қолдау орталығы ашылды
Отбасы • Кеше
ТМД Парламентаралық ассамблеясы отырысы
Саясат • Кеше
Сатира • Кеше