23 маусымда Қара теңізбен Одессадан Батумиге бағыт алған HMS Defender эсминеці трансшекаралық сулар үстінен жүзіп өткен. Ресей Федерациясының шекара әскері кемеге хабар беріліп, одан кейін ескерту ретінде оқ атқан.
10 минуттан кейін Су-24М жойғыш ұшағы кеме бағыты бойынша әуе бомбаларын тастаған. Қара теңіз флотындағылар оқ атылғанын растады.
Ресей тарапы оқиғаның бейнежазбасын жариялады. Онда ресейлік шекарашының ағылшын тілінде: «Британиялық эсминец, Ресей Федерациясының шекарасына кірмеңіз, бағытты өзгертіңіз. Мен оқ атамын», дегені естіледі.
Алайда Британия тарапы оқиғаны жоққа шығарды. Британия Қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясы аумағына қарай ешқандай кеме бармағанын, Ресейдің сол себептен оқ атуы мүмкін еместігін алға тартты. Үкімет басшысы Борис Джонсон ресейлік шекарашылар айтып отырған эсминецтің Қырым жерінде жүргенін айтты.
Ұлыбританияның Ресейдегі Қорғаныс мәселелері бойынша атташесі Ресей Қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери серіктестік басқармасына шақырылды. Министрлік өкілі дипломатқа Ресей позициясы түсіндіріліп, 23 маусымда орын алған заң бұзу жайы ескертілгенін хабарлады.
23 маусымда Қара теңізбен Одессадан Батумиге бағыт алған HMS Defender эсминеці трансшекаралық сулар үстінен жүзіп өткен. Ресей Федерациясының шекара әскері кемеге хабар беріліп, одан кейін ескерту ретінде оқ атқан.
Түркістан облысында Отбасын қолдау орталығы ашылды
Отбасы • Кеше
ТМД Парламентаралық ассамблеясы отырысы
Саясат • Кеше
Сатира • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше