Коронавирус • 28 Маусым, 2021

«Сары» аймақтағылардың қатары көбейіп барады

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел өңірлерінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сары» аймақтағылардың қатары көбейіп барады

28 маусымдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа: Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген.

Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр.