Оқиға • 28 Маусым, 2021

Павлодар-Екібастұз автожолында шағын автобус жанып кетті

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар-Екібастұз автожолында шағын автобус жанып кетті

Фото: Константин Шелков

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, апат туралы хабар 27 маусым күні сағат 14:25-те келіп түскен.

- Ақсу ауылдық аймағында, Павлодар-Екібастұз автожолының Төртқұдық пен Пограничник ауылдарының аралығында жүк және жолаушылар тасымалдауға арналған Газель автомобилі толық жанып кетті. Көлік 10 шаршы метр аумақта жанған. Өрт сөндірушілер келгенше көлік иесі жалынның бетін қайтарған. Өрт сағат 15:30-да толығымен сөндірілді, - деді департамент өкілі.

Апаттың шығу себебі мен шығыны анықталуда. Оқиға орнына 1 техника мен жеке құрамның 3 адамы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар