Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, Қазақстанда бензин мен дизельдің қоры жеткілікті.
– Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысындағы электр энергиясына қатысты проблемаларды ескере отырып, мұнай өнімдерінің қалдықтарын жинақтау жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ жыл басынан бастап бензин, дизель отыны секілді мұнай өнімдерін шетелге экспорттауды тоқтаттық. Бұдан бөлек, сұйық отынды автокөлікпен әкетуге тыйым салу туралы бұйрық шығарылды. Жыл соңына дейін көп көлемдегі мұнай өнімдерін экспорттауды күтіп отырған жоқпыз. Жинақталған қор бензин экспортын 2021 жылдың қазанынан ерте бастауға мүмкіндік береді, – деді Ә.Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Мұнай өнімдерінің қорын жинақтау үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытын жөндеуді 2021 жылдың наурыз айының соңынан мамырдың басына ауыстырды. Жөндеу жұмыстары басталар алдында қажетті көлем жиналып, іске қосылғаннан кейін мұнай өңдеу зауыты тәулігіне 6,5 мың тонна бензин мен 6 мың тонна дизель отынын шығара бастады. Ә.Мағауовтың пікірінше, бұл көлем оңтүстік өңірдің қажеттілігін өтеуге жетіп тұр. Деректерге сүйенсек, оңтүстік облыстарда шамамен 5,3 мың тонна бензин мен 5,6 мың тонна дизель отыны тұтынылады.
Десе де, Шымкент мұнай өңдеу зауытынан өнімді жөнелту бойынша белгілі бір деңгейде логистикалық қиындықтар туындаған. Соның салдарынан тәулігіне тиісті көлемнің жартысы ғана тиелген.
– Қазіргі уақытта мәселе реттелуде. Министрлік жақын күндері темір жол арқылы 4,3 мың тонна бензин мен 4,2 мың тонна дизель отынын жөнелтуді жоспарлап отыр. Шымкент мұнай базасы арқылы 1 200 тонна бензин мен дизель отыны құбыр желісі көлігімен тиелетін болады. Алдағы бірнеше күнде Шымкент пен Түркістанға қатысты жағдай тұрақталады. Одан кейін Алматы мен Қызылорда облыстарындағы жағдай реттеледі, – деді Ә.Мағауов.
Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша еліміздегі мұнай өңдеу көлемі 6,7 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Павлодар мұнай-химия зауыты 2 млн 389,9 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» 1 млн 863,4 мың тонна, Атырау мұнай өңдеу зауыты 2 млн 119,7 мың тонна, «CASPI BITUM» 343,3 мың тонна, «Конденсат» компаниялар тобы 27,4 мың тонна өнім өңдеген.
Бес айдың қорытындысы бойынша 1 млн 852,7 мың тонна бензин, 1 млн 878,8 мың тонна дизель отыны, 204,9 мың тонна авиаотын және 1 млн 061,3 мың тонна мазут өндірілген.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде бензин тапшылығы орын алып отыр. Энергетика министрлігі мәселе жақын күндері шешіледі деп сендірді.
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 10:40
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 10:06
Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:22
70 шақырымды еңсерген велошабандоз
Оқиға • Кеше
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Мәдениет • Кеше
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Волонтер • Кеше