Тағайындау • 28 Маусым, 2021

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

1893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

Семей қаласының жаңа әкімі лауазымына Бақытжан Баяхметов тағайындалды.

Ол бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Бақытжан Кәкенқаджиұлы Баяхметов 1970 жылы 29 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын ауылшаруашылығын электрлендіру, инженер-электрик мамандығы бойынша, содан кейін Орта Азия университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы инженер болып бастаған. Кейіннен «ВК РЭК» ЖК ЖАҚ сату тобының бастығы болып жұмыс істеді, содан кейін «ВК РЭК» ЖАҚ ЖАҚ Аягөз релелік электр желілерін басқарды.

2005-2008 жылдары - Аягөз қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Кейінірек ол әртүрлі бөлімдерде бас сарапшы болып жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары Өскемен қаласының құрылыс бөлімін басқарды.

Содан кейін ол үш жыл бойы  Аягөз қаласының басшысы болды.

2014 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарды.

2014 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Аягөз ауданын басқарды.

2019 жылдың 15 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 

Семей қаласының бұрынғы әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұл қызметінен денсаулығына байланысты кетті.

Еске салайық, ол 2021 жылы 25 қаңтарда қала басшысы болып тағайындалды.