Қоғам • 28 Маусым, 2021

Сот Олимп букмекерлік кеңсесіне қатысты үкім шығарды

574 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «Олимп» БК-ның жұмысшыларына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот Олимп букмекерлік кеңсесіне қатысты үкім шығарды

Осы іс бойынша сотталушылар (барлығы 20 адамнан астам - 11 адам соталушы, 9 адамға қатысты іздеу жариаланды) ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 2-бөлігі (ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу), 307-бабы 3- бөлігі 1,2- тармағы (заңсыз және ойын бизнес ұйымдастыру), 245-бабының 3-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару), 218-бабы 3-бөлігінің 2,3-тармақтары (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша сотқа берілген.

Сот анықтағандай, сотталушылар және іздеуде жүрген адамдар (9 адам) экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау үшін тұрақты ұйымдасқан топ құрып, оның қызметін басқарған.

Топтың негізгі қылмыстық әрекеті букмекерлік кеңсемен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру жолымен қылмыстық кірістің тұрақты көзін алудан тұрады.

Сотталушылар қылмыстық топқа 2014  жылдың қаңтарынан бастап тартылды, содан кейін олардың әрқайсысы өзіне тапсырылған келесі рөлдерді атқарған:

компания серверлерінің ҚР-нан тыс жерлерге өзгерту, электрондық казиноны «Олимп» БК сайтымен біріктіру

алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру, оларды шетел валютасына айырбастау

ҚР-нан тыс жерлерге экспорттау үшін курьерлерге аудару, сондай-ақ оларды заңдастыру.

Сотталушылардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 95 млрд теңгеден астам материалдық залал келтірілді.

 

Сотталғандардың қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, олардан мемлекет пайдасына 95 млрд теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.