Қоғам • 28 Маусым, 2021

«БҰҰ-әйелдер» Құрылымы Аида Балаеваға Құрмет Грамотасын табыстады

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілі Мария Доценкомен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«БҰҰ-әйелдер» Құрылымы Аида Балаеваға Құрмет Грамотасын табыстады

Іс-шара басында Мария Доценко Аида Балаеваға гендерлік теңдікті ілгерілету бойынша белсенді жұмысы үшін «БҰҰ-әйелдер» құрмет грамотасын тапсырды.

Министр қазақстандық әйелдердің мемлекет пен қоғамның экономикалық және саяси өміріндегі рөлі, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуы үшін жағдайлар туралы айтып берді. Аида Балаева Қазақстан гендерлік ағартуды ілгерілету, ауылдағы әйелдерді қолдау, балалар мен әйелдерге қатысты отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін үнемі шаралар қабылдап отыратынын атап өтті.

Тараптар гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады.