Аймақтар • 28 Маусым, 2021

ШҚО-да қос азаматтығы бар 40-тан астам адам жазаланды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар 40-тан астам адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да қос азаматтығы бар 40-тан астам адам жазаланды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Көші-қон қызметі басқармасының полицейлері өңір халқы арасында қос азаматтығы бар адамарды анықтау мақсатында бірқатар шараларды қолға алған.

«Жарты жыл ішінде 500-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан шықты. Олардың негізгі бөлігі – Ресей Федерациясы, Германия және Қырғызстан Республикасы азаматтығын қабылдаған. Сонымен қатар қос азаматтығы бар 40-тан астам адам анықталды. Оның ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 10 адам, ҚР төлқұжатын және жеке куәлікті пайдаланғаны үшін 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Мәселен, маусым айының ортасында тәртіп сақшылары 2021 жылдың ақпанында Алтай өлкесі Барнаул қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған Риддер қаласының тұрғынын анықтады. Ол мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР азаматының құжаттарын пайдаланған. ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тәртіп бұзушыға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты алынды.