Футбол • 28 Маусым, 2021

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» мен «Қайрат» тең түсті

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он сегізінші туры тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» мен «Қайрат» тең түсті

Аталған турдағы басты ойынның бірі Қостанай қаласында өткізілді. Жергілікті «Тобыл» өз алаңында Алматының «Қайрат» командасын қабылдады.

Екі команда да биыл бас жүлдеден үміткер саналады. Сондықтан бүгінгі кездесуде екеуінің бірі жеңіске жетсе чемпион атағын жеңіп алуына мүмкіндігін арттырар еді.

Ойын барысында қос ұжым тартысты бәсеке көрсетті. Алдымен алматылық Артур Шушеначев 23-минутта есеп ашты. Екінші кезеңнің 53-минутта қостанайлық клубтан Руслан Валиуллин есеп ашса, 66-минутта алматылық Раде Дугалич өзінің қақпасына гол соғып алды.

Ал 76-минутта Вагнер Лав тағы да таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Сондай -ақ, бүгін Оралда «Ақжайық» «Тараз» командасын 3:0 есебімен жеңді. Дәл қазір Ақтауда «Каспий» мен «Тұран» (Түркістан), «Атырау» мен «Қайсар» (Қызылорда) командалары кездесуде. Ал кеше, 27 маусымда тағы үш ойын өткізілді. Өз алаңында «Қызылжар» «Астанадан» 3:2, «Шахтер» «Ақтөбеден» есебімен 1:0, «Ордабасы» «Жетісудан» 3:0 есебімен басым түсті.