30 Сәуір, 2010

БАТЫСТА БАТЫР БАУЫРЖАНДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ж.Досмұхамедов атындағы Өлеңті орта мектебінде облыс жастары бас қосып, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған шара өткізді. “Сырым жастары” жастар қоғамдық бірлестігі мен “Жас Отан” жастар қанатының аудандық бөлімшесі ұйымдастырған “Өрлік­пен өрілген өмір” атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында үш ай бойы жинақтал­ған жастар жұмыстарының қоры­тындылары шығарылды. “Бауыр­жан Момышұлы тұлғасының әдебиетте бейнеленуі”, “Бауыржан Момышұлы – елшіл ер, ұлтжанды тұлға, қыран қайраткер”, “Бауыр­жан Момышұлының жазушылық қыры” аталымдары бойынша үздік­тер анықталып, олар дипломдар­мен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Самара қаласынан келген Зоя Әсімова майдан жылдарында Қазақстанда құрылған №100 және 101-бригада сарбаздарының тағ­дырына қатысты үш жылдан бері жүргізіп келе жатқан жұмысының нәтижесімен, алдағы жоспарлары­мен таныстырды. Бауыржан Момышұлы туралы “Ақиқат пен аңыз” атты роман жазған Әзілхан Нұршайықовпен ұялы телефонмен байланысқа шығу арқылы майдан­гер жазушы жастарға игі тілегін жеткізді. Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы.