Саясат • 29 Маусым, 2021

Парламентаралық диалогқа тың серпін

192 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин елімізге ресми сапармен келген Ресей Федерациясы Кеңесінің Төрағасы Валентина Мат­виен­ко бастаған делегация өкіл­дерімен кездесті, деп ха­барлады төменгі Пала­таның баспасөз қызметі.

Парламентаралық диалогқа  тың серпін

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы парла­мент­аралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін тал­қылады.
Мәжіліс Төрағасы атап өткен­дей, Ресей – Қазақстанның стра­тегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Қос мем­лекетті тамырын тереңге тарт­қан көп ғасырлық тарихи ор­тақ тамырластық біріктіреді.
Сондай-ақ Палата Спикері қос мемлекет арасындағы қа­рым-қатынас Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев пен Ресей Пре­зиденті Владимир Путиннің өзара сындарлы келісімдерінің арқа­сында жоғары деңгейде даму жолына түскенін, бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеумен стра­тегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор көңіл бөле­тінін атап өтті.
Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мәртебелі мей­манға еліміздегі заң шығару қыз­метінің жаңалықтары туралы, саяси, әлеуметтік, эко­но-
микалық реформалар жә­не оларды заңдық деңгейде қам­та­масыз ету барысындағы жетіс­тіктер жайында баяндап берді.
Өз кезегінде Ресей Феде­ра­циясы Кеңесінің Төрағасы пандемияға қатысты шектеулерден кейінгі алғашқы сапарын арнайы Қазақстанннан бас­тап отырғанын атап өтті.
Валентина Матвиенко Қазақ­стан Тәуелсіздігінің 30 жыл­дық мерейтойын сөз ете келіп, тарихи өлшеммен алған­да аз ғана уақыттың ішінде, біздің мемлекеттің эконо­ми­касы дамыған, әлемдік беделі жоғары, заманауи демо­кра­тиялық елге айналғанын, бұл Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі еке­нін, қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­шы­лығымен табысты жалға­сып келе жатқанын баса айтты. Сонымен қатар екі ел ара­сындағы өзара тиімді іс-әре­кетке, өзара құр­метке не­гіз­­делген берік ынты­мақтас­тық халықтарымыздың игілігі жо­­лын­да алдағы уақытта қар­қынды дами беретініне тоқтал-
ды.
Кездесуге қатысушылар пар­ламентаралық, оның ішін­де, ТМД және Ұжымдық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымы Пар­ламентаралық ассамблеялары, Еуропадағы қауіпсіздік жә­не ынтымақтастық ұйымы, Пар­ла­ментаралық Одақ аясында ықпалдастықты тереңдету жө­нінде әңгімеледі.
Нұрлан Нығматулин мен Валентина Матвиенко пар­ла­ментаралық диалог Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретініне назар аударды.